22.07.2021
  130


Автор: Сәкен Иманасов

Қызыл іңір арасында

Қызыл іңір арасында,
не түнде,
Есіңе алып өксіме де өкінбе.
«О шіркін де
ет-жүрегі езіліп,
осы қазір қай жетісіп отыр!»—де.
Жылыма да
жүрегіңмен келіспей,
Кінәлама қылығымды теріс кей,
Күрсін де қой: «Төсегіңде дөңбекшіп,
аласұрып жатқан шығар»,— деп
іштей.
Қызылы іңір арасында,
не түнде,
Мені есіңе алып бекер өкінбе,
«О, шіркін де жан-жағына
жалтақтап,
жаны езіліп, жалғызсырап отыр!» — де.





Пікір жазу