22.07.2021
244
Тірлікте күлмес үшін күндестерім
Тірлікте күлмес үшін күндестерім,
Ешкімнің артына мен мінгеспедім.
Ұтсам да,
Ұтылсам да –
Өз арыма
Бағынып баяғыдан күн кешкемін.
Жүрегім тілім-тілім жараланып,
Жүрсем де қаншама бір дара қалып,
Ұшқыр ма,
Ұтқыр ма әлде –
Өз арыным
Ұрғылап ойға-қырға барады алып.
Тек елге ұнасын деп бір еңбегім,
Басқаға иілмедім,
Шіренбедім,
Күндестер күлер болса –
Жөнсіз адал,
Әсіре ақтығыма күлер менің!.