22.07.2021
  192


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Жылбысқы қар

Борап тағы –
Астанада жауды қар.
Қонақтады:
Бұтағына талдың әр.

Тынбай қуып,
Елеуiштей жел оны:
Ұндай қылып,
Бұрқыратып еледi.

Дедектетiп,
Желiккен жел мұны әрi:
Кебектей ғып,
Шалшық суға шылады.

Жел басылмай…
Шатырларға қонған қар:
Көз жасындай,
Ерiп, төмен сорғалар…

Жел үдедi,
Тынар емес өршiп бұл.
Жол жиегi –
Ластанды көлкiп су…

Жап-жарық нұр,
Тұмшаланды тұнжырап:
Қар жауып тұр,
Жұрт су кешiп жүр, бiрақ...





Пікір жазу