22.07.2021
  196


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Қысқы Астана аспаны

Көк төрi – құтты орны,
Жап-жарық тiптi өзi:
Толған Ай,
Кәдiмгi,
Тегене –
Сүт толы...

Себелер жерге нұр,
Құбылып лезде бұл:
Жұлдыздар –
Салбырап,
Қол жетер жерде тұр.

Қарайсың таңданып,
Қаласың таң қалып:
Көк жүзi тып-тымық,
Айнала жап-жарық…





Пікір жазу