22.07.2021
  295


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Боран

Күннiң ашық жайдары,
Аяқ асты тайды әрi:
Жаңбыр жауып,
Қар ерiп,
Айна мұзға айналды.

Ертеңiне,
Екпiндеп,
Боран соғып, кеттi үдеп:
Мұздың үстiн тазартып,
Қырбақ қарды өттi үрлеп.

Сәл дем тартып,
Бұл тынып,
Қайта соғар құтырып:
Жұлқылайды шатырды,
Әкетердей ұшырып.

Тұрақ таппай ол өзi,
Тек зымырай бередi:
Ұшыратын қар да жоқ,
Аяп кеттiм мен оны.

Үнi неше құбылып,
Терезенi тұрды ұрып:
Үйге кiрiп ол әлде,
Алмақ па екен жылынып…





Пікір жазу