22.07.2021
  193


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Мұз-палуан

Жөнеп кетпей ызғып бiр,
Машиналар сырғып жүр.
Әйнек қаптап қойғандай,
Көше, алаң –
Жып-жылтыр.

Ауа салқын, шыңылтыр,
Бiр тылсым күш бұғып тұр:
Бейқам жанды –
Мұз-палуан,
Жалп еткiзiп жығып жүр…





Пікір жазу