22.07.2021
182
Әнші қыс
Астанада қар қалың,
Аттап қалсаң алға адым:
Аңғарасың -
Ақ қыстың,
Бiр әуенге салғанын…
Өзiң де оған бiр уақ,
Қосыласың ыңылдап.
Ызғырық жел гулейдi,
Күйiн шертiп тым ұзақ…
Көргендерiн жолдағы,
Әнге қосып ол дағы:
Қос ішектi қуалар –
Тролейбус қолдары…
Машиналар тым жүрдек,
Қойғандай-ақ тiзгiндеп:
Қозғалады орнынан,
Бұраң-бұраң би билеп…
Әншi қыстың сырын дәл,
Көше кезген ұғынар:
Сырлы әуенге елiтiп,
Қос құлағың шыңылдар…
әнші қыс қар Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы Өтепберген Ақыпбекұлы тақпақтары