22.07.2021
225
Қысқы түн. Өлара...
Айды таба алмай,
Шырағын тұр жаға алмай…
Қап-қара түн бейне бiр,
Төңкерiлген қазандай…
Күн нұрына бара-бар,
Түнгi шамдар қалаға - әр:
Шырық жанған бетiнде,
Аппақ торттай – алаңдар…
Өларада…
Қарманып,
Жүрме, атта алға нық!
Түнгi Астана – аспан дәл,
Жұлдыз-шамы жап-жарық…