22.07.2021
  392


Автор: Мәриям Хакімжанова

Апама

Әлпештеген, аялаған,
Ардағым деп, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Қуанышыңды құттықтаймын.
Көкірегіңді жастанып ап,
Талдырушы ем қолыңды мен,
Деген сөзің «қалқам, шырақ»,
Кетер емес көңілімнен.
«Көңіл хошым, көз нұрым» деп,
Қолым қақпай еркелеттің.
«Жаман болсаң сен – сорым» деп,
Жақсылыққа тағы үйреттің.
Тәттің болса таңдайыма
Тосушы едін, өзің татпай.
Қиындықтың қандайына
Төзуші едің, кірпік қақпай
Кір шалдырмай кекілімді,
Жуушы едің, тарап күнде.
«Құлыным» деп сүйіп мені,
Басушы едің жүрегіне.
Апатайым, айналайын,
Менің үшін не көрмедің.
Сендей болып бала жайын
Ұға білсін жеңгелерім!
Ана еңбегін ардақтаған,
Біздің совет заңы ғана.
Ана орденін беріп саған,
Деп атады «Даңқты ана!»

Бұл қуаныш, бұл бақытты,
Апатайым, кім ұмытад.
Бақыт берген ұлы адамды,
Барлық әлем қадір тұтад.
Апатайым сол ана – сен,
Сені бүкіл дүние көрсін!
Қамқоршымыз партиямен
Даңқымыз да арта берсін!





Пікір жазу