Жеңешем
Жеңешем елден тұңгыш келген,
Тұңғыш топтың әскері.
Топты жарған, ұлы майдан,
Ұлы өндіріс іскері.
Көзде ұшқын, қолда мандат,
Жеңешеме қарашы.
Тасты жарған, тасқын қайрат,
Ұлы еңбектің - анасы.
Кірді залға, қызыл нұрға,
Құшақтасты, бөленді.
Музыкалар - "Интернационал",
Күйін ойнап жөнелді.
Залдың іші толған кісі,
Шымырлап теңіз қайнаған.
Жаны жарқын, көрсең түсі,
Күш-жігерін қайраған.
Құттықтауға топты жарып,
Шықты менің жеңешем.
Кімнен кейін,
Кімнен кем,
"Аты әйел ғой" демесең...
Қасқияды қаршығадай,
Құс алатын қиядан.
Қырағы көз, қарыс маңдай,
Түлеп ұшқан ұядан.
Түйдектеген өткір сөзі,
Асып түсіп өрлеген.
Гүлдей жайнап қызыл жүзі,
Мандайы шып-шып терлеген.
Өнімді табыс, үлгілі іспен,
Дайындалған съезге,
Күшпен тапқан іс жемісін.
Айтып берді съезде.
Мал баласын баласыңдай,
Мәпелеген өсірген.
Емірене түсіп анасындай,
Еңбектің сүтін ішірген.
Қиналып, қысылып жүрседағы,
Малдьщ басын сақтаған.
Ауыр бейнет көрседағы,
Партия сенімін ақтаған.
Сондығынан жеміс шаққан,
Жеңешемнің ісінен.
Қиындықты жеңіп шыққан,
Кайтпас қайсар күшімен,
Адал еңбек арқасьнда,
Жарқыраған маңдайы.
Тап жауының тартысында,
Тап жолынан танбайды.
Ауыл, аудан, облыстан,
Бәйгені алған жеңешем.
Ұлы майдан, құрылыстан,
Неге қалсын жеңешем!
Міне, бүгін сыйлық алды,
Съездің биік мінбесінен.
Өшпестей боп есте қалды,
Өлкемнің үздік жүлдесімен.
Асыл киім, алтын сағат,
Жеңешем алды патефон.
Алғысын айтып қат-кабат,
"Жұлдызым туды - деді - оң!"
Тұңғыш өкіл орталыққа,
Кетті жүріп жеңешем.
Көргендерін орталықтан,
Келгеннен кейін кеңесем.