22.07.2021
  162


Автор: Мәриям Хакімжанова

Қырым туралы жыр

Әлемге атың шыққан көрік Қырым,
Бұлт кұшқан мұнарларды биік шыңың.
Тау мен тас түйіп кабақ тұнжырайды,
Дегендей "кімге мәлім менің сырым".
Шыңында бүркіт қонып, ұшқан лашын,
Үялап мекендеген таудың басын.
Секіріп киік-марал ойнактаса,
Кемірген жолбарыстар таудың тасын.
Теңізің жарқырайды күндік жерден,
Секілді күн айнасы күмістеген.
Тұнық су, тұз татыған дертке шипа,
Әр ұлттың өкілі келіп серуендеген.
Теңізің кейде тулап бұрқыддайды
Толқынды толқын қуып сылқылдайды.
Толықсып, сыбдыр қағып, кейде ақырын,
Сынаптай аунап түсіп сыр тындайды.
Бетінде мотор қайық жүзген қалқып,
Келемін сол қайықта жаным балқып.
Көрінеді кемелерің күңдік жерден,
Түтінін будақгатып, аспанға атып.
Ерте-кеш есіледі жібек желің,
Сәнденеді сағым киіп белестерің.
Айналаң бау мен бақша мәуелеген,
Секілді дертке шипа алған демің.
Бел буып, білек түрген еңбеккерің,
Жұмылған бір кісідей еңбекке елің.
Қыртысын кара жердің айнаддырып,
Аянбай күндіз-түні төккен терін.
Кайтқан ба, каһармандар тау мен құздан,
Түтеген, каймыққан ба, қар мен мұздан.
Советтік сапқа тұрған саңлақтарым,
"Отан" десе оттанып каны қызған.
Тоймайды, тайсалмайды алып жүрек,
Жеңеді, жеңілмейді, құрыш білек.
Таптайды, табанына таптың жауын,
Бостандық, болашаққа, жалғыз тілек.
Көрікің естен кетпес Қырым сенің,
Бар ма екен дүниеде сенің теңің?..
Өз атыңа арнадым осы өленді,
Толқыныңмен туласын жырым менің.





Пікір жазу