22.07.2021
200
Сен-ая
Сен-ая,
Оны-ая,
Мені-ая, мұңайма,
Жалғыздық жарасқан,
Жаратқан Құдайға!
Сенің де,
Оның да,
Менің де кеудемде
Кернеген запыран, құтылу оңай ма?!
Тағы да жарылды,
Елімде Бомбалар,
Тіршілік мәңгілік,
Жүз құлап, мың тұрар.
Бітпейді сынағы,
Сөнгенше шырағы
Тартпайды дізгінді, елірген-Жындылар!
Миы үлкен жасайды, ғаламат қаруды,
Шипагер жаза алмас, айықпас ауруды.
Қарулар жаулайды,
Сәбилер сорлайды
Алапат ажал тұр, шаншытып-бауырды!
Шеті жоқ тіршілік,
Шегі жоқ зұлымдық.
Бір Елді басыну, алпауыт құлы ғып.
Болашақ бұлқынып,
Қақпас тұр жұлқынып
Бөліп тұр ортаны,
Қара ала шымылдық!