22.07.2021
  164


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Бір депутатқа

Асын ішіп Төренің төсті керіп,
Топ ішінде,
Сөз бермей бөсті келіп.
Жоғын жоқтап кедейдің-
Қипақтаумен
Жолға тастап, талайды,
Өсті-жеңіп!
Ел арасын тонады,
Кеспей, жонып,
Ағайынды, ауылды теспей сорып.
Ол бармаған,
Жүрмеген жол қалмады
„Жанашыр-
Ұйқтамай жүр іштей тоңып!"
Қол жетер жердің бәрін, үзбей сорып!





Пікір жазу