22.07.2021
140
Соғады
Соғады,
Көз ілмейді-өмір желі,
Тау, тас та,
Мүжіледі темір тегі.
Құлайды, Бәйтерек те бір теңселіп
Тек Мәңгілік
Жер, Аспан, Теңіздері!
Тірліктің шуақ көзі, көктен түсер,
Адам да жапырақтай көктеп өнер.
Ағады жұлдыздар да түнгі аспанда
Ғұмырын қас-қағым сәт өткенде көр.
Үзілер, үсік шалса піспей жеміс,
Өледі көктей солып,
Өспей тегіс.
Күн-түні, өмір желі тоқтамайды,
Асқақтар,
Ақ, қарасын, шешпей-Жеңіс!