22.07.2021
  143


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Шағалалар

Шағалалар,
Жартас, шыңға қонақтап,
Отыр теңіз әуеніне құлақ сап.
Шақырады қайқы тұмсық толқындар
Көк кітабын парақтап.
Суға сүңгіп,
Енді бірі биіктен,
Жемін алар тұмсығына іліккен.
Тұяқпен де бүріп ұстап кетеді
Ойын емес
Ермек үшін - зеріккен.
Шағалалар,
Жылы ұясын қорғайды,
Толқындар да тыныштықты бұзбайды.
Мазаласа,
Саңғып кетер - басына
Құс саңғыса тіршілігі оңбайды!





Пікір жазу