22.07.2021
156
Қыс, Бораны алыс қап
Қыс, Бораны алыс қап,
Өкпек желі кіреді.
Жауқызынды қолға ұстап
Көктем шығып келеді.
Жоғарғы ток ішінде,
Ағытылған арналар.
Астананың көгінде
Айналады - тырналар.
Аспан байып құсымен,
Бұлт көмейі - әндетті.
Тұмсығының ұшымен
Тықылдатты әйнекті.
Жер - жаңбырды қондырды,
Құшақтасты - туыстар.
Тостағанды толтырды
Наурыз көже,
Қымыздар!