22.07.2021
118
Налу
Бұлақ құлап -
Құздардың жақпарынан,
Мұздақ түсті -
Алатау ақ қарынан.
Орман кетті -
Тырмысып қыя бетке,
Дала қашты, аялы алақаннан!
Құстар ұшты -
Көлдерге көз көрмеген,
Аңдар ауды -
Жапанға біз білмеген.
Балық жүзді -
Тереңге бауыр төсеп
Құрт, құмырсқа -
Кірді інге сіз кірмеген.
Бұлт ұйығып ,
Сұрланып қатпарланды,
Жел бұйығып,
Өксіді, ақтарылды.
Жұлдыз ағып,
Аспанда Ай шалқалап,
Қара шаңдақ
Бүркеді - Ақ таңымды.
Жер, Жаһанды
Үркітіп - Адам қалды,
Ескеркіштей -
Сорайып алаңдағы.
Келе жатыр -
Дүлей күш - Зеңгілердей,
Жерді былғап -
Батпағы - табандағы!