22.07.2021
  168


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Бақыт іздеп

Бақыт іздеп,
Байлық күтіп - өлеңнен,
Өмір, Өлім арасында келем - Мен.
Шаң шығармай,
Қара жердің төсінде
Кейде ұзарып, қысқарады көлеңкем!
Бір - біріне ұқсас тірлік, Күн мен Ай,
Нан күйесін болат деп ед, жеген бай.
Бір басымда,
Қилы заман тіршілік.
Жіңішкеріп, үзіле ме жалғанбай?!





Пікір жазу