21.07.2021
  158


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Ащы суды

Ащы суды,
Ас қылдым - тамағыма,
Қарай, қарай,
Заманның қабағына.
Көштен қалып, озбадым,
Пешенеме
Жазылғанды өшірмей - маңдайыма!
Қызықпадым, достардың - биігіне,
Талай түстім, бірақ та күйігіне.
Айтып өткен - Төлеген,
Мен де айтамын:
"Өз ғасырым өзімнің иінімде!"
Кімді табам,
Жартасқа - неге барам?!
Мен -бірімін,
Пенденің миллиондаған.
Түсініксіз,
Түйсігім - түйіп жатыр
Олпы - солпы, ойларын қираңдаған!





Пікір жазу