21.07.2021
  137


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Өгіз мініп

Өгіз мініп,
Мен -дағы арба айдадым,
Тіршіліктің жей алмай,
Бал қаймағын.
Таңмен бірге таласып-тұрушы едім
Бір үзім нан,
Ішетін-шәй байлығым!
Қыр арқасы өгіздің жауыр еді,
Отыру кешке дейін ауыр тегі.
Қамытқа қолды тіреп жатқанымда
Күлетін шөпшілердің қауым елі!
Мен жаздай
Өгіз мініп шөп тасыдым,
Алақанның, көңімен
Бет қасыдым.
Несін бәрін айтайын,
Өтті жастық,
Ойналмай әр қалтада кетті асығым!





Пікір жазу