21.07.2021
  200


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Бүгінгі күн, кешегіден сорақы

Бүгінгі күн, кешегіден сорақы,
Аш та қылмас, тоқ та қылмас тамағы.
Байшікештің - қолдарында арағы
Кедейлердің - қонышында орағы.
Жарлымын - деп, кедей мұңын шақпайды,
Арлымын - деп,
Әкім өзін мақтайды.
Заман желі, қай межеде тоқтайды
Басы айналған,
Жер мен бірге - ұқпайды.





Пікір жазу