meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.07.2021
  173


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Қылышым жоқ

Қылышым жоқ, шабар едім - дұшпанды,
Найзам да жоқ, түйрер жанды - қастанды.
Гүрзім қайда, қара тасты талқандар,
Ұран қайда
Қақ жарған -
Жер, Аспанды!
Тұлпар өлген, айлық жерге шабатын,
Сұнқарым жоқ,түлкілер көп - алатын.
Жебем сынған тау төңкеріп ұшатын
Ару да жоқ, күліп алдан шығатын!....
Бәрі кеткен,
Ертегілер ішіне,
Сол қалпымен,
Сол салтымен күшінде...
Кей жылдары жарқырайды бір жұлдыз
Туған Айдың,
Бірге ілесіп - үстінде?!





Пікір жазу