21.07.2021
162
![](/uploads/shorttexts/author_image/f0394c14e65c7c4b9c531ef48c0f0549-1.jpg)
Есіл
Есіл ағып барады, нұр жұмылып,
Жағада тал, терегі ырғатылып.
Айдында шортандары, шабақ қуған
Күмпілдетіп толқынды жарға сырып.
Есіл шалқып ағады-кең жайылып,
Мал жанын күзетіп жүр, Ел қайырып.
Атылып шығып жатыр-
Биік үйлер,
Ата мекен ежелгі жерді айырып.
Есіл терең ағады, шымырланып,
Иірім -жұдырықтай жұмырланып.
Аққу, қаздар жүзеді -
Ерке сылқым
Қыздардай биден қайтқан құмар қанып.
Есіл күліп,
Күрсініп , еркелейді ,
Төрт құбыла сай болып,
Жер - кеңейді.
Құшағына жарты әлем ендемейді,
Еш - өзен ,
Есіліме тең келмейді!.