21.07.2021
149
Тұрмыс басты...
Тамыр жайып,
Оң мен солды таныдық,
Ой мен тілді,
Күн шарыққа жаныдық.
Айдан алдық,
Орталанып, толуды,
Құс үйретті,
Ұшып қайта қонуды.
Самал берсе,
Желдей сырғып есуді,
Орман, тоғай
Тұрды үйретіп - өсуді.
Судай тұндық,
Лайланып кетсек те,
Айналдық - Біз,
Бүтінге де бөлшекке.
Ең бастысы,
Тәтті ұйқтап, ояндық,
Есе кетпей,
Қоян беріп, қой алдық.
Көңіл озды - бәрінен де көкдөнен
Жолымызда
Жатпады ағаш көлденең.
Шығысқа еріп,
Батыс бардық,
Үйрендік,
Тұрмыс, сана
Ата салттан - күйредік.
Құлап жатып,
Сүрінгенді мазақтап,
Жегіп жүрміз -
Ат пен Итті қосақтап!