21.07.2021
197

Мен саған жат қыр баласы
Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.
Ыңды - зыңды үлкен қала,
Маған теріс, маған жат,
Алдарқатқан жалғыз ғана
Жас періште көңілі шат.
Тек сол ғана жұбанышым,
Соған бола күн өтті.
Ойды билеп алды күшім,
Отсыз өртеп жүректі.