21.07.2021
  226


Автор: Анар Шамшадинова

Алпыстың асыққанда асқарына

Алпыстың асыққанда асқарына,
Ақ кірді жылдарменен шаштарыңа.
Туған күн құтты болсын, ардақты ана,
Бақытты өмір кешкен шақта мына.
Өтсе де, зымырап тез жалған деген,
Күніңіз атсын дәйім арманменен.
Отбасы аман болсын, ал басқасы,
“Байлық пен дүние артта қалар” деген.
Бақыттың бал ордасы - ошағыңыз,
Әрдайым ашық бізге құшағыңыз.
Ұл-қызың құдай берген,
Ағайын асылына қосамыз біз.
Қиындық толса-дағы өміріңіз,
Үміті үзілмеген көңіліңіз.
Жан ана жабықпашы енді ешқашан,
Шаттық пен қуаныш боп өңіріңіз.
Жүректе ақ тілекпен жүріңізші,
Жайраңдап алдымызда күліңізші.
Денсаулық, қажыр-қайрат, бақ тілейміз,
Анажан ұзақ ғұмыр сүріңізші.





Пікір жазу