21.07.2021
  237


Автор: Анар Шамшадинова

Енді маған бәрібір

Енді маған бәрібір сүйгенің де,
Сүймегенің, келгенің, келмегенің.
Сағыныштың отына күйгенімде
Оралмадың, жаныма келме менің.
Енді маған бәрібір сағынғаның,
Аңсағаның, шалдығып, шаршағаның.
Жылтырағын әлемнің тағынғаның,
Еленбейді алдымнан қарсы алғаның.
Енді маған бәрібір, күлсін әлем,
Жылап жатсын толқындар кек бөлісіп.
Машиналар майы кем жүрсін әрең,
Ал адамдар сүйісіп, жек көрісіп.





Пікір жазу