21.07.2021
  140


Автор: Анар Шамшадинова

Бір сұрағым бар еді, апа

Қазақтың сүйікті қызы және арынды ақыны Фариза Оңғарсыноваға.

Бір сұрағым бар еді, апа
Жер сазарып сараңдықтан
Сый сұрадым балаңдықтан.
Бір жан таппай санамды ұққан
Суық кеште соны күтем.
Бақ табам ба адалдықтан?
Күнге қарап шапағатты,
Айдан күтіп шапағатты,
Жиырма бес таң шапақ атты.
Сүйдіреді, жерітіп ап,
қайтсем екен махаббатты?
Мұң бұзғандай іреңімді,
Қайдан табам бір емімді?
Түннен іздеп тірегімді,
Түсімде ылғи құшады осы
Біреу менің жүрегімді.
Табынатын өнерім бе,
Құтқаратын өлеңім бе?
Өлең жазам сөнемін де.
Сосын қайта тірілемін,
Тіріліп ап, өлемін бе?
Адасамын бір елсізде,
Сұрағыма күлесіз бе?
Жырағымда жүресіз де,
Астан-кестен жер бетінде
Бақыт бар ма, білесіз бе?





Пікір жазу