21.07.2021
131
Өтініш
Аң-таң болып сөзіме,
Басты арманым күпті тым.
Көрінбеші көзіме
Сенсіз де әлем бүп-бүтін.
Бақытымның басы боп,
Жылылықтың көкесі.
Шабытымның қасы жоқ
Өлең — үміт бөпесі.
Жалғыздыққа көнгенмін,
Кейде сүйіп бетінен.
Құмарлықты көмгенмін,
Оралмашы, өтінем.
Қарсы шығып көшеде,
Кезікпеші кештерде.
Кімдер қалай десе де,
Мені еске алма еш жерде.
Жолым болсын, болмасын,
Өмір сүру — міндетім.
Оңы, солы толмасын
Өлең — менің індетім.
Саған деген жүрегім,
Айналғандай бауырға.
Жарқын күліп жүремін,
Сенсіз өмір ауыр ма?
Сенсіз өмір тәуір ма?!.