21.07.2021
145
Әлем тұтас, сен жүрсің
Елім бар ғой егілсем емізетін,
Жерім бар ғой жеңілсем, жеңгізетін.
Тіпті Алматы аспаны бар пендеге
Мөлдірліктің моншағын тең үзетін.
Далам бар ғой, симасам паналайтын,
Күн нұрын да таң сайын жаңалайтын.
Аппақ қар да әлемді құшақтайды.
Жел де ұятты, сый-қырды аралайтын.
Бұлттар ғана бір кетіп, бір келеді.
Сонда шыңдар шым батып, бүркенеді.
Тұман басып, табиғат тәнін жауып,
Зираттарға зарланған жыр келеді.
Көтертеді құс жолы білегіңді,
Айналаңнан табасың тірегіңді.
Әлем тұтас, сен жүрсін өзіңше боп,
Мені сүйген түсінбей жүрегіңді.