21.07.2021
  150


Автор: Анар Шамшадинова

Алатауға сыр

Алатау қарайды бақсыдай,
Иығын, кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген істерім далбаса.
Алатау айтпайды жай кеңес,
Құшағын қытықтап бас қала.
Бақытсыз жылдарым қайғы емес,
Мақсатсыз мінезім масқара.
Алатау қарайды түнеріп,
Қыс — мәңгі, жаз-көктем қала ма?
Арманым алысқа жүр еріп,
Сүймеген күндерім қара ала.
Алатау асықпай түйеді ой,
Сезімі жаңбырдан қар болған.
Һәм ғұмыр сүйем бе, сүйе ме ол?
Бір қазақ жігіті жар болған.





Пікір жазу