21.07.2021
  154


Автор: Анар Шамшадинова

Кешір мені, Алматы

Кешір мені, Алматы.
Кей шақтарда жаншылып жаным мүлде,
Тек мұңменен атқандай таңым күнде.
Егізімдей бауырды сағынғанда,
Теңізімді, ауылды сағынғанда
Өлеңіммен жеткізсем шағым елге.
Кей кештерде өмірден түңілгенде,
Келбетіме бар әлем үңілгендей.
Айдалада адасып анашымнан,
Шашым сипар табылмай жанашыр жан
Кешіккенде шабыт та күйім келмей.
Туған жерге қыз түгіл, шабақ та асық,
Өкініш пен өтініш сабақтасып,
Мен өзіңде өзімді өгей көріп,
Мінезімді мазасыз сөге беріп,
Жылағанда жаңбырмен қабаттасып.
Кешір мені, Алматы.
Сезім сатты, бөлді де таңғы ұйқымды.
Сенде тауып, жоғалтып мен күлкімді.
Жастығымды өткіздім елден жырақ
Өкпелеткен сен емес, пендең бірақ.
Кешір мені, Алматы, ең сүйкімді.





Пікір жазу