21.07.2021
  143


Автор: Анар Шамшадинова

Көз жасыммен моншақ-жыр жаздырасың

Қарашаның кеші, айы, таңы атады,
Қайғыларды еріксіз күлген жығар.
Өзімді-өзім сонда да жұбатамын,
Мен сүйген жан бір жерде жүрген шығар.
Сағымдар-ай, сол жанды көрдіңдер ме?
Даусы, сөзі, қастары бөлекше ме?
Тәнін сипап, самалмен жүрдіңдер де,
Айналдырып жастарды өлексеге.
Ол күлгенде төңірек арайланып,
Күзгі кештің ызғары келте жетіп.
Үміттерім ілкіде жарай қалып,
Жұлдыз — байғұс барынша еркелетіп.
Оның қолы, құшағы жалындай ма?
Құдіреті күнімнің адыра қап.
Әлде қайғы қабаты қалыңдай ма?
Ғашық-жүрек жылайды, жадырап ап.
Сүйікті жан, сағынтып, аздырасың,
Қайда жүрсің? Аспанды жай тіледі.
Көз жасыммен моншақ-жыр жаздырасың,
Сезімімді тек қана Ай біледі...





Пікір жазу