21.07.2021
  136


Автор: Анар Шамшадинова

Шақырасың қай жаққа?

Сырқат сезім суық жер жастанса да,
Елеңдемей үйіме қайта алмаймын.
Жыртығынан жанымның қан тамса да,
«Жек көрем» деп мен бірақ айта алмаймын.
Тұрар едім құрбан ғып тоналғандай,
Аяғына жығылып, жерді құшып.
Сағынышпен қайран шақ оралғандай,
Жыры жұмбақ жыл құсы келді ұшып.
Сүйер едім, соңғы рет сүйемін бе?
Азаптарды қор емес, көрікті етем.
Ыстығына ерніңнің күйемін де,
Көбелектей бір күндік өліп кетем.
Махаббатсыз көп күннен бір күн артық,
Ерегесіп уақытпен баяулаған.
Шырын сәтте еркімді бұлқи тартып,
Шақырасың қай жаққа, аяулы адам?!





Пікір жазу