21.07.2021
172
Күзгі Алматы
Күз келгенде Алматы жабығады.
Жылу таппай, суыққа бағынады.
Ол да жазған қыздардай бірді сүйер
Алатауын еңкеймес сағынады.
Күз келгенде Алматы қалтырайды,
Жапырақтар желге ұшқан ән құрайды.
Шаршады ма, арманын аңсады ма,
Түндерде ояу, шамдары жалтырайды.
Күз кештері жалғыздық басынады,
Жұрт сияқты Алматы асығады.
Үміттерін ұлғайтып берер таңдар
Кірпігіне қылығын жасырады.
Тәні сұлу, жаны аппақ ашық үнді
Бұл Алматы сүймейді жасығыңды.
Күзбен бірге тоңазып, мұңайып тұр
О, Алатау, аймала ғашығыңды!