21.07.2021
  149


Автор: Анар Шамшадинова

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге,
Бітірмеген істерім бастан да асар.
Өмір қысқа жетпейді бес күнге де,
Мүсінші аға арманын тастан қашар.
Ақын қосып үмітін жырларына,
Бір жазушы аяқтап әңгімесін.
Тұрағы жоқ тірліктің тұрлауында,
Көк тұманның тілегін жан білмесін.
Ұшқыш мұңын аспанға ақтарғанда,
Тәліб біткен асығып сабағына,
Теңізшіден теңізде бақ тайғанда,
Шағаланың шер тұнып қабағына.
Зыпылдайды саудагер ақша санап,
Мұғалімнің тентек боп оқушысы.
Көкірекке кей арман — жақса талап,
Ізгі ойлардың үміттер — тоқушысы.
Мен жүремін мақсатым мұнар болып,
Сынған айна келбеті күндерімнің.
Бар енерім көзге жас тұнар толып,
Шығар-шықпас мәніндей түндерімнің.





Пікір жазу