21.07.2021
152
Гүл қала еді
Гүл қала еді.
Атанды күзгі қала.
Сағынатын сазымен сізді ғана,
Менсінбейді бұл қала жырларымды
Әлі санап жүр ме екен бізді бала.
Көктем еді жайнаған Күз басынды.
Ызғарлы кеш арманым құз басында.
Бала кездей сыр айтам көк терекке
Мені күтіп тұрсаңыз сіз қасында.
Көк терекке жүгінем
Бала сынды.
Түсінбейді бұл қала қарасымды.
Сізді күтіп қаңғырам қара басым
Жастығымды өткізбей жарасымды.
Өлең өлмес десем де Жырым тәмам.
Орда бұзбай өртенген түрім жаман.
Сізге ғашық болғаным – бар айыбым,
Күнәсі көп қалада сырым аман.
Көкте құдай, жерде сіз, жырым, балам.