21.07.2021
  147


Автор: Анар Шамшадинова

Көргім келген шақтарда









Көргім келген шақтарда
Өлгім келген...
Көргім келген шақтарда сізді ғана,
Өлгім келген қиялдың көрпесінде.
Тірлігім мен ұйқымды бұзды қала,
Мендік бітпес мұңдардың өлкесінде.
Сағынғанда сезімге дауа болмай,
Жалынғам да бейнеге қабырғада.
Жалғыздықтан жынданғам жауап алмай,
Өлеңімнен
Бағынбас сабырға да.
Қиналғанмын
Кеште әсем сізді көрмей.
Жиналғанмен бармадым.
Жандыңыз ба?
«Келер» деді үмітім үзілердей,
Өлең жаздым шашуға алдыңыздан.
Көргім келген шақтарда сізді ғана
Өлгім келген...












Пікір жазу