21.07.2021
  119


Автор: Анар Шамшадинова

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?
Кім кінәлі махаббатқа кешіккен?!
Отырғанда сен біреуді аймалап,
Күткеніме көзімді алмай есіктен.
Кім кінәлі саған деген сезімге?
Өртер жиі қалғанымен таңда ұйып,
Сен бақыттан балбыраған кезіңде,
Мен отырдым сағыныштан сан күйіп.
Кім кінәлі?
Сен бөтенмен күн кештің,
Маған ессіз ғашық болған қалпында,
Ал мендегі ұғына алмас жырды ешкім,
Бәлкім, оқыр қалған қазақ артымда.
Жанарымда сол баяғы сауал құр,
Жауабы жоқ жолдар жатыр айырық.
Неге біздің арамызда қамал тұр,
Үміттерді айырып?





Пікір жазу