21.07.2021
150
Қысқы қала түнереді, күлмейді
Қысқы қала түнереді, күлмейді,
Мен қысылдым қуануға жарамай.
Сен жайлы ешкім ештеңе де білмейді,
Алғашқы қар жауған кезде далада.
Жыламағын, жалынбағын, кеш деме,
Кештім десем, оным шықпас көңілден.
Енді маған керек емес ештеңе,
Ғайып болып кетсем дұрыс өмірден.
Үсті жақұт, ащы бақыт әрі жүр,
Жалғыздықта жазылмайды жазғы жыр.
Енді маған қыс па, күз бе, бәрібір,
Терезенің алдында өтсін аз ғұмыр.