21.07.2021
  139


Автор: Анар Шамшадинова

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім,
Көз алдыңда көлбеңдеп бала тұлғам.
Жұбатсаң да, жылатсаң, өзің білгін,
Мен тек қана сен үшін жаратылғам.
Таңдарымда талықсып оянамын,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.
Қасіретіме қатыгез тоя ма мұң,
Сезім суып, тән семіп, көзімді ілдім.
Тағдырымнан жалғыз-ақ сый еді өлең,
Енді одан да адастым, кезім кіл мұң.
Сарқылғанша сағыныш сүйе берем,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.





Пікір жазу