21.07.2021
139
Сенсіз өткен күндерімнен безіндім
Сенсіз өткен күндерімнен безіндім,
Түндерімнің...
Тақсіретін сезіндім.
Асау да асқақ адайдың бір қызы едім,
О, құдірет, табаныңда езілдім.
Сағыныштың соқпағында тапталдым,
Боз жігіт ең әнім болып жатталдың.
Ұйқысыз түн сені ойлаумен дөңбекшіп,
Мазалаған мың ойлар деп ақталдым.
Әнді сүйген, жырға ғашық сері ұл ең,
Бір көргеннен дидарыңа ерігем.
Сенсіз өткен жылдарымнан безініп,
Сенсіз келер таңдарымнан жерінем.