21.07.2021
141
Сезімім жанарымда жағыла мың
Сезімім жанарымда жағыла мың
Бір жүрген сол күндерді сағынамын.
Көңілде қуаныштан мұңым басым,
Сен неге көрінбейсің, табынарым?
Жүректе өлең жанды оқылмаған,
Тілекпен кестем қалды тоқылмаған.
Күндерім күтуменен өтеді ме?
Арманның алтын шыңды етегінде.
Қырқада бір қыдырған күлкім қалды,
Сағыныш сартап болған ұйқымды алды.
Жыр – жансыз, жасқа малып жазғанменен,
Сен неге оралмайсың қаздарменен?