21.07.2021
169
Кешір
Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.
Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр,
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.
Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым,
Қойшы,
Бәрі де бекер...