21.07.2021
176
Күтемін келісіп көркім көп
Күтемін келісіп көркім көп
Күнде.
Маған келер ең, еркің жоқ
Мүлде.
Хақым да жоқ менің сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме.
Сенсіз дүние қараң
Демен
Үзілді менімен араң
Неге?
Қайда ұшты сезімің нанымды,
Айтшы....
Қайғыны қайтем жанымды
Жеген.
Несіне сағынам солып,
Еріп.
Кетесің көрмеген болып,
Көріп,
Тіршілік тақпаққа нандың ба
Солай
Барамын алдыңда
Өліп.
Айтылмай сөзім қап
Тілде.
Құштарлық төзімді ап,
Бірде
Алайда хақым жоқ сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме!!!