21.07.2021
  155


Автор: Анар Шамшадинова

Рахымды жаныңды сағындым

Рахымды жаныңды сағындым,
Тәңірім сабырды өлшеген.
Үмітім бәрібір жағылды,
Сан рет сарылып сөнсе де.
Ақылды көзіңе құмармын,
Ақынның сөзіне илансаң.
Мен саған өмірлік сыңармын,
Қуансаң, қайғырсаң, қиналсаң.
Арманым – бір болу ашық түн,
Кеште де жұлдыздар жанбаған.
Тағдырым, ұқсаң ғой ғашықты,
Аңсаудан арыла алмаған.





Пікір жазу