21.07.2021
  255


Автор: Анар Шамшадинова

Жауапсыз қалса да хаттарым

Жауапсыз қалса да хаттарым,
Атыңды құрандай жаттадым.
Нұр шашқан жүзіңе ынтығып,
Құмарлық қақпасын аттадым.
Өзіңсіз өмірден жерідім,
Жаныма жоласаң ерідім.
Кәлима қайталай беремін,
Болсаң деп өмірлік серігім.
Жауапсыз тұрса да сұрақтар,
Түрім жоқ сенен еш жырақтар.
Басыма бұйырған бақытсың,
Мейлі сен жүз қызға ұнап қал.
Ерініңнің отымен өртедің,
Сезімнің емес бұл селтеңі.
Өзіңді сүйерім ақиқат,
Ертегі болса да ертеңім.





Пікір жазу