21.07.2021
184
Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай
Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай,
Ерінім жанып, елестеп жүзің қардай.
Бал түндердің базары тарқағасын,
Жаз жабырқау болғанда күзім сондай.
Бірге жүрген күндерім қалды қараң,
Демің өртеп тұла-бой балбыраған.
Қалай бәрін ұмытып кеттің екен?
Тән тәнті боп, көркіңе жан құлаған.
Бірге оянған таңдарым болмағандай,
Не естелік қалды екен қолда қандай?
Жарықтан да жасырып сүйетін ең,
Құшағыңнан жібермей қорғағандай.
Желді құшам, ауада лебің бардай,
Болмысымды баурап ед демің балдай.
Енді отырмын құдаймен келісе алмай,
Жалғыздықтан құтқарар емің қандай?!
сүю жалғыздық Анар Шамшадинова Анар Шамшадинова шығармашылығы Анар Шамшадинова өлеңдері мен сені сүйемін