meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.07.2021
  265


Автор: Анар Шамшадинова

Жанғанда сезім гүл атып

Жанғанда сезім гүл атып,
Жанымды қойдың жылатып.
Ғашықтық күшін сезіндім,
Қалдым да сені ұнатып.
Арманым болдың бүгінде,
Бақ табармын ба түбінде?
Азаптың бәрін бер маған,
Сен, жаным, ылғи күлімде.
Жанарың жарқын жасындай,
Жымиғаныңда тасынбай.
Бақытты болып кетер ем,
Бір сәтке болсам қасыңда.
Таусылар тағдыр сүргіні,
Келер деп күтем бір күні.
Сағыныш мұңды мен кешем,
Қайғысыз өмір сүр, күнім!





Пікір жазу