21.07.2021
  148


Автор: Анар Шамшадинова

Жағада жалғыз қап, жабықтым

Жағада жалғыз қап, жабықтым,
Сен болсаң, мұң білмей күлер ем.
Өмірім өзіңсіз бос екен, жаңа ұқтым.
Сол жайлы бұл өлең.
Құшардай сен кенет мені кеп,
Толқынға жақындап үмітпен,
Сағындым, келсеңші берірек,
Таңдаулым қазақта жігіттен.
Бұл өлең сағыныш жайында
Дегенім, сен жайлы білерсің.
Бәлкім сол алдағы уайым да,
Өмірім – реңсіз.
Теңізге соны айттым, жасырмай,
Ол маған сенгендей, зор үнмен.
Шағала ән салды қасымда,
Бағымды әйгілеп сорыммен.
Сағыныш сен десе төзімсіз,
Жанымда қайтсем сен жүрер ең?
Жағада қапасты күй кештім өзіңсіз,
Сол жайлы бұл өлең.





Пікір жазу